Семейде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан шекарашының анасына медаль берілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан шекарашының анасына медаль берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі офицерлердің гарнизон үйінде шекарашы Раджан Батырқановтың анасына «ТМД құрамындағы мемлекеттердің шекарасын нығайтқаны үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

«ТМД қатарындағы елдердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі – сыртқы шекараларды қорғау және олардағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін 1992 жылдың 6 шілдесінде ТМД мемлекеттерінің басшылары құрған халықаралық ұйым. Батыр шекарашыны марапаттау туралы шешімді Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның 11 шекара органының Шекара әскерлері қолбасшылар кеңесі қабылдады», - делінген ақпаратта.

Раджан Батырқанов (1975-1994) – шекарашы, жауынгер-интернационалист. Біріктірілген қазақстандық батальонның Күршім взводының құрамында болған. 1994 жылы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапты. Содырлармен қиян-кескі шайқаста алдыңғы шепке шығып, ерекше ерлік танытқан.



Соңғы жаңалықтар