Семейде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін жұмыс сапарымен Семей қаласында болып, Қарағайлы шағынауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Қарағайлы шағынауданында тұрғын үй құрылысын «Фирма Азия» ЖШС жүргізуде. Бұл мекеме осыған дейін шаһардағы 5000 орындық заманауи үлгідегі көпсалалы мәдени-спорт кешенін салған.

«Биыл Қарағайлы шағынауданында 25 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұдан бөлек, тағы да 92 үйдің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Осылайша алдағы уақытта бұл ауданда 60 000 отбасы қоныс тойын тойлайды», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бекітілген жоба бойынша көлік тұрақтары салынып, барлық аумақ абаттандырылады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласында алдағы 5 жылдың ішінде кезекте тұрғандардың барлығы баспанамен қамтылатыны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар