Семейде тұрғын үйдің жертөлесінен сілеусін табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесін сілеусін паналаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы ветеринарлық қызметке «Океан» сауда орнының маңайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде сілеусін жүргендігі туралы ақпарат келіп түскен. Мамандар көрсетілген мекенжайға дереу шығып, 6 сағат ішінде жабайы аңды ұстады.

«Ветеринарлық қызмет мамандарының кәсіби әрекеттерінің арқасында сілеусін қолға түсіп, қауіпсіз жерге көшірілді. Өкініштісі, сілеусін 20-дан астам мысықты қорек еткен», - деп хабарлады ШҚО «Семей әуесқой автомобильшілері қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінен.

Айта кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде Семей қаласының көшелерін кезіп жүрген сілеусіннің видеосы тараған болатын.



Соңғы жаңалықтар