Семейде заңсыз жұмыс істеп жүрген 10 өзбекстандық анықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында заңсыз жұмыс істеп жүрген 10 өзбекстандық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында Қазақстан Республикасы аумағында тиісті рұқсат қағаздарын рәсімдемей жұмыс істеген Өзбекстанның 10 азаматын анықтады.

«Аталған факті бойынша олар ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылып, әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелден жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабы 5 бөлігімен 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, көші-қон қызметі шетелдіктердің ел аумағында жұмыс істеуінің заңдылығын тұрақты түрде тексеріп отыр.


Соңғы жаңалықтар