Семейде жасөспірім қалтасына оқ салып жүрген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында 17 жастағы жасөспірімнің қалтасынан оқ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта түнгі сағат 00.00-де тәртіп сақшылары Засядко және Уәлиханов көшелерінің қиылысында кәмелеттік жасқа толмаған азаматты тоқтатты. Тексеру барысында жасөспірімнің қалтасынан 5,45 және 7,62 калибрлі 2 оқ табылған.

- Полицейлер бірден оны бөлімшеге жеткізді. 17 жастағы жасөспірім Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Ол 20 күн бұрын Алматыда сантехник болып жұмыс істегенін, оқты жерден тауып алғанын айтты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар