Семейде жаяу жүргіншілер жолағында ер адамды көлік қақты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 маусымда түнгі уақытта Бозтаев көшесінде болған.

«Анықталғандай, Mercedes маркалы автокөлікті тізгіндеген шаһар тұрғыны реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарын алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға барудан бас тартқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО полицейлерінің бір айда 37 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтағандығын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар