Семейде жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін комиссия құрылады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жайылымдық жер тапшылығы мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізіп, талап-ұсыныстарын тыңдады.

«Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетілетін болады. Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы ерекше. Ауыл кәсіпкерлерін қолдау нәтижесінде сапалы табиғи өнім алып, жергілікті нарықты өз көкөністерімізбен қолайлы бағада толтыруға болады», - деді әкім.

Оның айтуынша, осыған дейін жергілікті тұрғындар жайылымдық жер жетіспеушілігі мәселесін көтерген болатын.

О сыған орай арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілмек.

Жер телімдерін дұрыс бөлу үшін қажетті мәліметтер жиналып жатыр.

«Көктемгі егіс жұмыстарында көптеген шаруа қожалықтары озық технологияларды пайдаланып жатыр. Өнімділікті арттыру үшін минералды тыңайтқыштар мен заманауи ауылшаруашылық техникалары және жаңа жабдықтар қолданылуда. Сұранысты ескере отырып, егіс алқаптарының құрылымы да өзгеруде. Мысалы, «Лаура» шаруа қожалығы 30 гектар алқапта ТL жаңбырлатқыш агрегатын орнатып, картоп пен көкөніс дақылдары өсірілетін 43 гектар алқапта тамшылатып суару әдісін қолданады», - деді Бақытжан Байахметов.

Осы қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарлары бағасының тұрақтануына және күзгі-қысқы кезеңде қала қоймаларының көкөніспен қамтамасыз етілуіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар