+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Семейде жер үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды

2021 жылғы 4 мамыр 12:05
Бөлісіңіз:
Семейде жер үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды ШҚО тұрғыны отқа оранған пәтерден екі баланы аман алып шықты Төтенше жағдайлар департаменті елордадағы дәмханада өрттің шығуы себебін айтты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Торайғыров көшесінде орналасқан барак үлгісіндегі екіқабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Тілсіз жау үйдің қабырғасына, шатырдың ағаш конструкциялары мен шаруашылық қора-жайларға жайылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жеткен.

«Көп ұзамай жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған қызыл жалын ауыздықталды. Өртті өз бетімен сөндірмек болған 1966 жылғы тұрғынның қолын термиялық күйік шалған. Оған жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, тілсіз жау қоқыс жағудың кесірінен шыққан. Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT