Семейде жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі көпір астынан табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі көпір астынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар тұрғыны Арман Мұхалиев 10 мамыр күні таңғы сағат 05.00-де үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Оны іздестіруге полиция қызметкерлері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар тартылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 мамырда Ертіс өзеніндегі көпір астынан 22 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Оны сол маңайда өтіп бара жатқан азаматтар байқап қалған.

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар