Семейлік мұғалім: Білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы биология пәнінің мұғалімі Виктория Пешкова қашықтан оқыту форматы балалардың жауапкершілігін арттырады деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

В.Пешкованың айтуынша, онлайн форматтың нәтижесінде оқудың интерактивті әдістерін интернет платформаларда қолдануға мүмкіндік туды. Әр пән сабақ кестесіне сәйкес синхронды және асинхронды форматта өтеді.

«Қашықтан оқыту форматы балалардың жауапкершілігін арттырды. Қысқа мерзімде мұғалім оқушыларға жаңа материал беріп, формативті бағалау жүргізіп, сонымен қатар барлық балалардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып кері байланыс орнатуы керек. Бұл ұстаздың да, оқушының да жүгін арттыра түседі. Өйткені олар сабақ берудің дәстүрлі форматына үйренген. Десе де білім беру саласында балалардың денсаулығы басты назарда. Сондықтан онлайн оқыту форматына ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды жетілдірудің және өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа кезеңі ретінде қараған жөн», - деді ол.

Мұғалім өз сөзінде барлық мұғалімдер мен оқушылардың шектеу шараларының тезірек алынып, қайтадан мектеп қабырғасына баруларын тосып жүргенін жеткізді.

Автор: Руслан Шақабаев


Соңғы жаңалықтар