Семсерлесуден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

21 қаңтарда Алматыдағы республикалық спорт колледжінде семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталған болатын.

Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

Айта кетелік, алғашқы үш күнде спортшылар семсерден ел үздіктерін анықтайды.

Семсер, жасөспірім ұлдар:

1. Сержан Мәди (Алматы)

2. Жанат Нәбиев (Алматы)

3. Дәурен Мақұлбек (Шымкент), Қайназар Нұрхатұлы (Алматы).

Семсер, кадет қыздар:

1. Әдемі Серікбай (Шымкент)

2. Полина Ко (Қарағанды облысы)

3. Камилла Мырзахметова (Нұр-Сұлтан), Татьяна Зайцева (Алматы).

Соңғы жаңалықтар