Сенат ЕАЭО ауқымында Қырғызстанның экономикалық қатынасы туралы құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО-ның құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттамамен Қырғыз Республикасына 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін кейбір тауарларға қатысты ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінде көзделгеннен неғұрлым төмен импорттық кеден баждарды қолдануға мүмкіндік берілді», - деп еске салды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, мемлекеттің тұрақсыз экономикалық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып, Қырғыз Республикасының Президенті 2019 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының саммиті барысында алып қойылатын тауарларына қатысты неғұрлым төмен баждарды қолдану мерзімін ұзарту туралы өтініш білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекет басшылары, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңді 1 жылға ұзартуға келісті.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғыз Республикасы барлық тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелеріне көшті.


Соңғы жаңалықтар