Сенатор: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаттары ҚР Премьер-Министрінің атына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, сондай-ақ іс-шаралар бағдарламасын терең идеялық мазмұнмен байыту туралы ұсыныстар жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, оған елордада және өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында ескерткіштер қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, Сізден Қостанай облысы әкімдігінің алдына Ахмет Байтұрсынұлының ауылын абаттандыру, оған апаратын жолдарды жөндеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Алтынбек Нухұлы Сенаттың жалпы отырысында жариялаған депутаттық сауалында.

Сенаторлар сонымен қатар Ұлт ұстазына арнап деректі және көркем фильмдерді көбірек түсіру туралы ұсыныс айтты.

Депутат сауалын наурыз айына жоспарланған «Ұлт құндылықтарын сақтау мен нығайту – тәуелсіз елдің кемел болашағы» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауларға дайындық барысында Алтынбек Нухұлы, Нұрлан Әбдіров, және өзге де сенаторлар жолдады.


Соңғы жаңалықтар