Сенатор Дана Нұржігітова көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты

РЕЙКЬЯВИК. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігітова Исландия астанасында өткен көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Палатаның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, форумға әлемнің түкпір-түкпірінен саяси, бизнес, академиялық қауымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ UN Women ұйымынан барлығы 500-ге жуық өкілдер қатысты.
«Women Political Leaders» қоры, Исландия Үкіметі мен Парламенті ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – ең үздік тәжірибелерді алмасу, күн тәртібіндегі гендерлік мәселелерді, оның ішінде саяси шешімдер қабылдаудағы, жанжалдарды болдырмау және реттеудегі әйелдердің рөлін ілгерілету.
Шара аясында Д.Нұржігітова Альтинг (Исландия Парламентінің) төрағасы Стейнгримур Сигфуссонмен және басқа да елдер парламенттерінің өкілдерімен кездесті.
Көшбасшы әйелдердің жаһандық форумы 2017 жылдан бері жыл сайын әлемдегі ең солтүстік астана - Рейкьявикада өтіп келеді.
- Сенат: Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды
- Қазақстан мен Оман арасында виза тәртібін жеңілдету, туризмді дамыту мәселесі талқыланды
- Қазақстан киберқылмыспен күресте ТМД елдерімен ынтымақтасу жөніндегі келісімді ратификациялады
- Мұхтар Тілеуберді Испанияға сапарлайды
-
Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барады
-
Президент Жолдауы: Депутат зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау туралы ұсынысын айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам