Сенатор Көкшетаудың жылу беру маусымына дайындығын тексерді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Дәурен Әділбеков Көкшетау қаласына келді, онда қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Ең алдымен, депутатты облыс орталығының жылыту маусымына дайындығы қызықтырды.

Қазір коммуналдық қызметкерлер жылу желілерін жөндеумен айналысуда.

2 көміртозаңды қазандығының беріктігі тексерілді. Магистральдық және орамішілік жылу жүйелері де тексеруден өткізілуде.

Сондай-ақ сенатор жылу магистральдарының құрылысы мен қайта қалпына келтірілуін тексерді. Мердігерлер материалдар бойынша төлемді кешіктіру болғанын, бірақ қазір барлық мәселе шешіліп, материалдар келе бастағанын, енді жұмысты мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар екенін хабарлады. Бүгінде жоба 70%-ға аяқталып тұр», - деп мәлім етті Сенаттың баспасөз қызметінен.

Коммуналдық желілерді жаңартумен қатар, Көкшетауда тұрғын үйлер, оқушылар сарайы мен жағалау құрылыстары жүруде. Сенатор денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатқан алаңда болды. Жергілікті билік қазір қалада тұрғын үй кешендері көптеп салынып жатқанын, әсіресе олардың басым бөлігі «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтеріп жатқанын атап өтті. Сенатор барлық мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына және салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар