+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Сенатор Шамалған станциясындағы көпір құрылысымен танысты

2020 жылғы 14 қаңтар 21:27
Бөлісіңіз:
Сенатор Шамалған станциясындағы көпір құрылысымен танысты

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысындағы Қарасай ауданында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғанда зардап шеккендер Алматының ауруханасына ауыстырылды Шамалғандағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсетуге дәрігерлер шақырылды Шамалғандағы апат: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы толық ақпарат берді

Сенатор сапар барысында Ұмтыл ауылдық округінің аумағында орналасқан «Алель-Агро» құс фабрикасында болды. Кездесуде азаматтар депутатқа кәсіпорыннан шығатын жағымсыз иіске байланысты шағымдарын жеткізді. Тұрғындар шағымдарын қарауға Ұмтыл және Елтай ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы билігінің өкілдері, прокуратура, сәулет, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшылары шақырылды.


Кәсіпорын басшылығы дабыл алғаннан кейін өндіріс қалдықтарын жою тоқтатылғанын айтты. Орын алған келеңсіздікке байланысты құс фабрикасының өкілдері ақтала келіп: «Пеш 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бастап жұмыс істемейді, оны бұзу жоспарланып отыр. Келісім-шартқа сәйкес өндіріс қалдықтары жоюы үшін басқа ұйымдарға әкетіледі. Саяжай тұрғындарының мазасын алмау үшін дезинфекция жұмыстарын күндіз өткізуге уәде берілді», - деді Владимир Волков аудан активіне осы мәселені бақылауға алуды өтінді.

Парламент жоғарғы палатасының депутаты теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысымен танысу үшін Шамалған станциясында болды. Бір топ Сенат депутаттары еліміздің Премьер-министрі А.Маминнің атына 2018 жылы депутаттық сауал жолдаған болатын. Өйткені, жаяу жүргіншілер көпірінің және автожол өткелінің болмауына байланысты жергілікті тұрғындардың көптеген өтініштері болған еді. Жобалау-сметалық құжаттарды және техникалық сипаттамаларды зерделей келіп, Владимир Волков аудан тұрғындары үшін көпірдің ыңғайлы болуы керектігін атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз рельсте тұрып қалған автобусты келіп соққан елі. Апаттан автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам зардап шекті. Кейін Шамалған стансасында жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов Батыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда болды.

Сенатор мұнай компаниясының қызметкерлерімен кездесу барысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің ережелерін қолдану мәселелеріне тоқталды. Компания өкілдері жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа толықтыруларға қол қою кезінде құзыретті органның шешім қабылдау тәртібін оңайлату және оған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның ережелерін осы рәсімдерге қолдану мүмкіндігі жөніндегі ұсынысты жария етті. Әйнекті өнеркәсіптік тұрғыда қайта өңдейтін мамандандырылған кәсіпорында болу кезінде зауыт еңбеккерлері сенаторға жылыжай кешендеріне жергілікті әйнекті сатып алуға мүмкіндік беретін заң ережелерін қабылдауды қарастыру туралы ұсыныс айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT