Сенаторлар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы келісімді қарайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 3 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін қарайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соған сәйкес, алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Бұл Келісім көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруды және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп әрекет етуді көздейді. Қажет болған жағдайда Тараптар анықталған көші-қон заңнамасының бұзушылықтары, заңсыз көші-қон жолдары, екі елдің аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы ақпарат пен мәліметтерді алмаса алады.

Сонымен қатар Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.


Соңғы жаңалықтар