Сенаторлар ТМД ПАА байқаушыларымен алдағы Мәжіліс сайлауын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Андрей Лукин, Сұлтанбек Макежанов және Ләззат Сүлеймен бейнеконференция режимінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен алдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлауды талқылады.

«2021 жылдың 7-сі мен 12 қаңтары аралығында халықаралық байқаушылар тобы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сайлау процесін бақылайды. Онлайн кездесу барысында сайлау науқаны кезінде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл шараларын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, қатысушылар үгіт-насихат шараларын өткізу және партиялардың БАҚ-та жариялануына тең қол жетімділігі, қашықтан дауыс беру нысандарын енгізу мүмкіндіктерін талқылады», - делінген ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар