Сенаторлар ТүркПА-ның 9-шы отырысына қатысты

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Бекмырза Еламанов, Сәрсенбай Еңсегенов және Марат Тағымов Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бакуде (Әзербайжан) өткен 9-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара аясында Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның және Ассамблея Кеңесінің отырыстары болды. Онда ТүркПА-ның жарғылық құжаттары, регламенті, қаржы қағидалары, байқаушылар миссиясының қызметін реттеу ережелері және басқа да құжаттар қаралды.

Жалпы отырыс барысында ТүркПА-ның 2020 жылға арналған шаралар жоспары, тұрақты төрт комиссияның 2019 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, Ассамблея Бас хатшысының есебі тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар