Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенатта жаңа баспасөз хатшы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болашақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», - делінген Telegram-дағы сенатор көмекшісі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Данияр Рамазанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.

Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.
Соңғы жаңалықтар