Сэр Сума Чакрабарти Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты ұсыныс айтты
«Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырып келеді. Осы орайда инвестиция тарту бағытында елеулі қадамдар жасалды. Менің ойымша, бұл салада Қазақстан өзінің күш-жігерін еселеуі керек. Бұл тұрғыда шикізаттық емес секторға, сыртқы саудаға байланысты инвестиция тартуға бағытталған жұмыстарға ерекше екпін қойылған жөн», - деді Сэр Сума Чакрабарти.
Оның пайымынша, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арқылы жүргізілетін іс-шараларға да мән беру керек. Өйткені бұл орталық елеулі табысқа қол жеткізді.
«Сондықтан инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыуды қамтамасыз ету керек», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мейіржан Юсупов Қазақстанда қай салаларға инвестиция салуға болатынын айтты.
Сонымен қатар, инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздік жылдарында елімізге 376 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын атап өтті.