+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

«Сергек» жүргізушілерден айыппұл өндіру үшін ғана қолданылуда - ҚР Президенті

2019 жылғы 8 қазан 14:35
Бөлісіңіз:
«Сергек» жүргізушілерден айыппұл өндіру үшін ғана қолданылуда - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сергек» жобасы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін толық көлемде пайдаланылмай отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада беті ашылған есірткі қылмыстары 7 пайызға артқаны байқалады. Мен Жолдауымда есірткі таратумен және сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту қажеттігі туралы айтқан едім. Таяу уақытта Үкімет депутаттық корпуспен бірге заңнамамызға тиісті өзгертулер енгізеді деп күтемін», - деді Мелекет басшысы.

Қазақстан Президенті есірткі дилерлерін қатаң жазалау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар елордада жол апатының ұлғайып кеткендігіне назар аудартты.

«Жол-көлік апаттарының саны 15,5 пайызға, олардан зардап шеккендер 42 пайызға көбейді. Автокөліктерді ұрлау 20 пайызға артты. Дабыл қағарлық деректер. Құқыққорғау органдары жағдайды жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті. «Сергек» жобасы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін толық көлемде пайдаланылмайды. Басымдық жүргізушілерден айыппұл өндіріп алуға ғана жасалып отыр. Ал әкімдік пен бүкіл Үкіметтің міндеті – бұл бүкіл қаланы цифрландыру», - деді Қ.Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT