+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болды

2021 жылғы 24 ақпан 14:41
Бөлісіңіз:
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар
Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды Марат Әзілханов ҚХА Төрағасының орынбасары болып тағайындалды Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» зауытында жұмысшы болып бастады. Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін зауытқа қайта оралды.

1990-1993 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар Одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы.

1993 жылы — Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурызда — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап қазірге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT