Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

  • 2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы. 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020).

2020 жылдың маусым айынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі (2005 жылдан).


Соңғы жаңалықтар