Шағын бизнесті салықтан босатудан трагедия жасаудың қажеті жоқ – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шағын және орта бизнес субъектілерін салықтан босатудан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын және орта бизнес субъектілерін салық төлеуден босатқаннан кейін елорда бюджеті 40-50 млрд теңгеге қысқарады. Іс жүзінде бұл, күтілетін нәтиже еді. Бірақ, қала халқын тарту үшін, адамдар көптеп бизнеспен айналысуы үшін мәжбүрлі шара. Онда тұрған ешқандай трагедия жоқ», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл мәселелер 15 қазан күні өтетін экономика жөніндегі кеңесте жан-жақты талқыланатын болады.

«15 қазан күні жоспарлап отырған экономика жөніндегі кеңесте бюджетке қосымша қаражат көздері жайында жан-жақты сөйлесеміз деп ойлаймын және Үкіметтен бұдан трагедия жасамауды өтінемін. Ең дұрысы, әкімшілеу арқылы жоспарланған шығыстардың орнын толтыратын қажетті қаражатты сіздер жеңіл-ақ тауып аласыздар деп ойлаймын», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар