Шағын және орта бизнес еңбекақыдан ұсталатын табыс салығынан 6 айға босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алдық. Кәсіпкерлерге көмек көрсету керек. Өйткені олар - экономикамыздың тірегі», - деп атап өтті Президент телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде.

Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.

«ШОБ өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын табыс салығынан босатуды тапсырамын. Мұндй қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар