Шағын жинақты мектептердің педагогтары жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшіріледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтармен 100 пайыз қамтамасыз ету қажет. Бұл турал бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтармен 100 пайыз қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектептер педагогтарының еңбекақысын төлеудің жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшу жоспарлап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, ауыл мектептеріндегі педагогтар 2021 жылдан бастап – 18 сағаттық жүктемеден 16 сағаттық жүктемеге, 2024 жылдан бастап – жаңа жүйеге көшуі қажет.

«Сонымен қатар ауылға жұмысқа келген қалада оқыған жас мамандарды ыңталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ауыл оқушылары үшін «цифрлық репетитор» жобасын енгізу қарастырылуда», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар