Шахан кентінде қазандық пен жылу желілерінің құрылысы жүріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахан кентінде орталық қазандық пен жылу желілерінің құрылысы кесте бойынша жүргізілуде. Пайдалануға беру жаңа жылыту маусымына қарай жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс барысын облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов тексеріп қайтты.

Қазандық ішінде жабдықтар толық орнатылған. «Механомонтаж-2004» ЖШС мердігерлік ұйымы барлық темірбетон жұмыстарын, құрылымдарды монтаждады.

Инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Қазандықтарды гидравликалық сынау жүргізілді.

Кәсіпорынның бас директоры Әмір Дәулетәлиевтің айтуынша, автоматика жүйесіне тапсырыс берілген, ол тамыз айында келуі тиіс. Әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жалғасуда.

Қаржыландыруда проблемалар жоқ. Қазандық жаңа жылыту маусымына қарай іске қосылады. Технология бойынша түрлі көмірді пайдалануға болады.

Әкім орынбасары ауылды аралап өтіп, құбырлар мен жылу тораптарының қалай салынып жатқанын көрді. Бүгінгі күні жұмыс 60% орындалды.

Барлық қажетті материалдар бар. Монтаждауды жеделдету үшін мердігер жұмысшылар мен арнайы техника санын көбейткенін жеткізді.

Тамыз айының басында жылу трассасын ішінара сығымдау жоспарланған. Оны жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Орталық жылуға бірінші болып әлеуметтік нысандар қосылады. Содан кейін көпқабатты үйлерді қосу басталады.


Соңғы жаңалықтар