+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Шахтинск әкімі: Моноқалаларға екінші тыныс берілетіні өте маңызды

2020 жылғы 20 қыркүйек 02:00
Бөлісіңіз:
Шахтинск әкімі: Моноқалаларға екінші тыныс берілетіні өте маңызды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сөздеріне қолдау білдірді. Ол сондай-ақ моноқалалардың тұрғындары Мемлекет басшысының олар үшін өзекті мәселелерді қозғағанына өте қуанышты екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жасады. Жаңа бағдарламалық құжаттың үлкен стратегиялық маңызы бар және жаңа тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуге бағытталған.

«Алғаш рет әлем көзге көрінбейтін жау - COVID-19 вирусымен бетпе-бет келді, біз жаңа жағдайда өмір сүруді үйрене бастадық, сондықтан пандемиямен күресу үшін арнайы бағдарлама құру өте қажет», - дейі Шахтинск қаласының әкімі.

Ел Президенті Қазақстанның экономикалық бағытына ерекше назар аударып, оған негізделуі керек жеті маңызды ұстанымды айтты. Жаңа Жолдау күшті әлеуметтік бағытқа ие. Бұған мысал ретінде келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын 25%-ға, жеті есеге дейін арнайы ЭКҰ бағдарламасы бойынша квотаның өсуін айтуға болады. Маңызды мәселе - 700 мың БЖЗҚ салымшылары жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе оны қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалана алады.

«Біз үшін «біздің моноқалаларымызға екінші тыныс беріледі» деген басымдық жігер берерлік. «Мұнда үлкен жауапкершілік қала құраушы кәсіпорындарға жүктелген. Бұл міндет олардың белсенді қатысуынсыз орындалмайды»деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мен осындай кәсіпорындардың арасындағы ынтымақтастық моноқалаларды дамуына септігін тигізуі тис деп ойламын», - деді Сержан Аймақов.

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қайта жүктелуі маңызды, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлық-балдық шкала енгізіледі, бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен уәждемесін арттырады. Реформаларды стратегиялық жоспарлау агенттігі және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады. Төтенше жағдайлар министрлігі оралады.

«Бүгінгі таңда атқарушы органдар үшін ең маңыздысы - өз күштерін Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді уақытында және сапалы шешуге бағыттау», - деп атап өтті Шахтинск қаласының әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT