+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Шахтинск мектептеріне турникет пен дабыл түймелері орнатылып жатыр

2021 жылғы 11 маусым 04:15
Бөлісіңіз:
Шахтинск мектептеріне турникет пен дабыл түймелері орнатылып жатыр

ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Шахтинск мектептерінде ғимараттардың ішкі және сыртқы келбетін жаңарту және аумақты абаттандырумен қатар турникет орнату әрі металл іздегіштерді, сондай-ақ дабыл түймелерін монтаждау жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

1 маусымнан бастап №6 орта мектеп жанындағы аумақта жұмыс басталды.

25 тамызға қарай волейбол мен баскетболға арналған үлкен алаңдар, жасанды жабыны бар футбол алаңы, тартаннан жасалған жүгіру жолы, сондай-ақ балалар тренажері болуы тиіс.

№5 мектеп-гимназиясында жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл нысанда жұмыс өткен жылы басталды: хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңдары, тренажерлер және жасанды ландшафтты шағын паркі бар стадион салынды.

Екінші кезең спорт залын жаңартуды көздейді.

Сондай-ақ, қалада орта білім ұйымдарының асхана блоктарын жөндеу басталды.

Үй-жай тамақ дайындауға арналған жаңа жабдықтармен және ауаны желдету құрылғыларымен жабдықталады.

Сонымен қатар, осы жазда білім ұйымдарының қасбетін жақсарту жалғасады.

№4 және 9 жалпы білім беретін мектептердің бірінші қабатының алдыңғы беті тиісті жағдайға келтіріледі.

«Жалпы білім нысандарын абаттандырудағы жаңа бағыт - мектеп гараждарын жөндеу болып табылады. Сондай-ақ мектеп автобустары сатып алынады, соның арқасында Шахтинск аймағының оқушыларында экскурсиялық және басқа да тегін серуендерді жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады. Жеке гараждары жоқ мектептер оқушылар сарайының аумағында орналасқан гараждарын пайдалана алады, олар да таяудағы үш жылда жөнделеді», – деп атап өтті Шахтинск қаласының білім бөлімінің басшысы Николай Онсович.

№2 орта мектепте терезе ауыстырылады, алтыншы мектепте акт залын жөндеу аяқталады.

Осы жазда №7 мектептің кіру тобы абаттандырылады, сондай-ақ №3 және 9 мектептердегі су бұру және кәріз жүйелері жаңартылады.

Өткен жылы №3 ЖББМ жанынан инклюзивті білім орталығы ашылды. Биыл ғимараттың ішкі бөлігіне жөндеу жұмысы жүргізіледі.

2022 жылы осы ұйымның базасында психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия ашу жоспарланған.

«Осындай мекеменің арқасында қажетті емтиханнан өтуге және дамуында ауытқулары бар (психикалық немесе физикалық тұрғыдан), сондай-ақ мінез-құлық проблемалары бар балаларға оқу процесін түзетуге болады. Жаңа оқу жылының басында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үш жаңа ресурстық орталық өз есігін ашады: Шахан кентінің №2 ЖББМ, Новодолинский кентінің №11 ЖББМ және Шахтинск қаласының №7 ЖББМ. Ұзақ мерзімді жоспарда біз өңірдегі барлық 12 мектепте инклюзивті орталықтар ашқымыз келеді», – деп толықтырды Николай Онсович.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде ағымдағы немесе косметикалық жөндеу жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT