Шахтинскте 232 млн теңге жымқырған бөлім басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы мен екі кәсіпкер аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы М.С. Әлиевке және «Байтас ХХI» ЖШС менеджерлері Цой А.Д. және Хан Д.П. қатысты жемқорлық қылмысы жөніндегі сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар 232 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген еді. Ал кәсіпкерлер бюджет қаражатын жымқыру бойынша бұрын қозғалған қылмыстық істерді тоқтату үшін лауазымды тұлғаларға 40 мың доллар көлемінде пара беруге әрекеттенген», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров онлайн брифингте.

18 наурызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен: М. С. Әлиев 10 жылға, А. Д. Цой мен Д. П. Хан тиісінше 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - деп толықтырды Бигайдаров.


Соңғы жаңалықтар