Шалқар жол дистанциясының басшысы жұмысқа тұрғызу үшін 1,2 млн теңге пара алған

None
None
ШАЛҚАР. ҚазАқпарат - Шалқар жол дистанциясының бастығына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қала тұрғынынан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті ұсталып, Ақтөбе қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар