Шамалған станциясындағы жол өткелі 2020 жылы салынады деп жоспарлануда

None
None
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шамалған станциясындағы жол өткелі 2020 жылы салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Шамалған станциясындағы теміржол өткелінде орын алған төтенше оқиғаны ескере отырып, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша аталмыш станциядағы жол өткелінің құрылысына қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысына жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар 2020 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Қазақстанның автомобиль жолдарында теміржол арқылы өтетін 1058 қиылыс бар.

Соңғы жаңалықтар