Шамалғанда көлік көпірден ұшып кетіп, екі адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Шамалған стансасы маңындағы көпірден көлік ұшып кетті, адам шығыны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы таңертең 9:30 -да Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апаты салдарынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінен.

Оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы kris_p_kz парақшасында пайда болды.

Соңғы жаңалықтар