Шамалғанда зардап шеккендер Алматының ауруханасына ауыстырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен үш адам Қарасай аудандық ауруханасынан Алматыға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шамалған стансасындағы жол апатынан жарақат алған балалар Алматы қаласының №1 ауруханасына, анасы №7 ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетерлігі, бұған дейін Амандық Баталов Шамалғандағы апаттан зардап шеккендерге Алматыдан арнайы дәрігерлер шақырғанын мәлім еткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар