Шардара ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетілді

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетілді. Өмірдің қатал сынына қайыспаған жандарға азық-түліктер мен сый-сыяпаттар тарту етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев пен жұмыспен қамту және ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов, сондай-ақ, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Орынша Қалшабековалар мүгедек жандардың үйлеріне барып, тарту таралғы жасады жасады. Өмірдің қатал сынына қайыспаған қайсар жандарды назардан тыс қалдырмай, мерекемен құттықтады. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдап, олардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінулеріне жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылды. Оларға көмек көрсетіп қана қоймай, қолтықтарынан демеп және жақсылық жасау үшін өткізілді.

«Рас, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Үкімет, қоғам тарапынан қамқорлық жасалып, көмек көрсетілуде. Жәрдемақылары өсіп, оларды жұмысқа орналастыру шаралары қолға алынуда. Басқа да жеңілдіктер қарастырылуда. Бүгінгі өткізіліп отырған акция соның дәйекті дәлелі екені сөзсіз»,- деді Бауыржан Шомпиев.


Соңғы жаңалықтар