Шардарада анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған оқушы қыз Шымкенттен табылды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ұшты-күйлі жоғалған қызын тауып беруге көмек сұраған.
Анасының айтуынша, түнгі уақытта 11-сынып оқитын қызы екеуі арасында түсінбеушілік болып, ренжіген қызы сыртқа шығып кеткен.
Ашуы басылғасын кіреді ғой дегенмен, қыз сол күйі жоқ болады.
Содан ата-анасы жасөспірімді өздері 2 күн бойы іздеп таба алмайды. Нәтиже шықпаған соң полицейлерге хабарлайды.
Ақпарат алысымен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден кәмелет жасына толмаған қызды іздеуге кіріседі. Қыз баруы мүмкін жерлерден, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алады.
Туыстарынан сұрастырады. Жоғалған қызды табуға қажетті барлық шараларды іске асырады.
Соның нәтижесінде қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылып, Шардара қаласында ата-анасына тапсырылды.
Тексеру барысында анықталғандай анасына ренжіген жасөспірім қыз бірінші күні Шардара қаласындағы құрбысының үйіне қонған.
Ал, екінші күні Шымкент қаласындағы туысының үйінде болған.
Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері барша ата-анаға кәмелетке толмаған ұл-қыздарымен өтпелі кезеңде тіл табысып, түсіністік танытып, олармен дос болуға шақырады.
Жасөспірімдерге үлкендердің рұқсатынсыз үйден алыс кетпеу керектігін үнемі ескертіп отыру қажет.
- БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді
- Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн жиын өтті
- Батыс Қазақстанда тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды
- Ұлытау ауданында боранда адасқан әке мен бала аман табылды
-
Армения президенті елде қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеу жариялады
-
Түркістан: Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам