Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Беларусьтен басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Беларусьпен алғашқы жолдастық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл 2021 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындары алдындағы дайындық саналады. Кездесу Литва астанасы – Рига қаласында өтті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Михайлис төмендегі хоккейшілерді мұз айдынға шығарды: Бояркин (Шутов); Диц-Маклюков, Шин-Старченко-Рымарев Сведберг-Данияр, Михайлис-Волк-Савицкий; Орехов-Блэкер, Акользин-Сагадеев-Шевченко; Степаненко-Шалапов, Панюков-Гурков-Әсетов, Лихотников.

Бірінші кезеңде қос құрама бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде Кертис Волк мергендігімен көзге түссе, соңғы кезеңде Даррен Диц көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екі құрама 15 мамырда тағы бір мәрте шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.


Соңғы жаңалықтар