Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиядан жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдастық кездесу әлем чемпионаты алдындағы дайындық аясында ұйымдастырылды.

Дүбірлі дода 13 мамырда Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында жалауын көтереді.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.

Ұлттық құрама бүгін, 9 мамырда латвиялық хоккейшілермен тағы бір мәрте шеберлік байқасады.

Ал 10 мамырда Хельсинки қаласына аттанады. Онда А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.

Латвия құрамасы В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австриямен сынға түседі.


Соңғы жаңалықтар