Шекарадағы бекеттерде электронды кезек жүйесі болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев өткізу пункттерін қайта жаңғырту көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалған транзит пен тауарды жалған мекенжайларға жеткізуге жол бермеу мақсатында автокөлік құралдарына навигациялық пломбаларды салу тәжірибесі кеңейіп келеді. Салық төлеуді қамту үшін импорттан бөлшек саудада өткізуге дейінгі барша тізбекке бақылау енгізіледі. Бұл тұрғыда тауарларға электронды жүк құжатын рәсімдеу ескерілген. ЕАЭО елдері өкілетті органдарымен тауарлардың көлемі мен құны туралы ақпарат алмасу қамтамасыз етіліп отыр», - министр.

Сонымен қатар ол заңсыз тауар айналымымен күреске бағытталған басқа да шаралар жүзеге асырылатынын айтты.

«Жасанды интеллект және көлік ағындарын автоматты басқару технологияларын енгізе отырып, өткізу пункттерін қайта жаңғырту көзделіп отыр. Қытайдың Эксимбанкінің қарызы аясында Ахуалдық орталық құрылысын салу және 9 авто әрі 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда. «Нұр жолы» өткізу пунктінің үлгісі бойынша, басқа да учаскелерде «Электронды кезек» жүйесі енгізіледі. Бұл мобильді қосымша арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді», - деді Е. Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов заңсыз сауда айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді.



Соңғы жаңалықтар