Шешен диаспорасының өкілі: Шыққан биігімізді бағалай білуіміз керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Юсуп Саидов Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын қатысты пікірін әлеуметтік желіге жариялады. Оның айтуынша халқымыз өткен жолын, шыққан биігін бағалай білуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Мағыналы мақаладан ұғарымыз мол. Президент ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел қағидатын ұстана отырып, барша қазақстандықты татулық, бірлікке шақырады. Осы орайда ұлты мен нәсіліне қарамай, бар халықты бір тудың астына жинай алған Елбасының сындарлы саясатын көпке үлгі етеді», - дейді Юсуп Саидов.

Шешен этномәдени бірлестігінің басшысы егемен, тәуелсіз Қазақ елінде жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолымызды, шыққан биігімізді бағалай білуіміз қажеттігін айтады. Өйткені өткенін бағалай білмейтін ел келешегін де болжай алмайтынын алға тартады.

««Бірлік те ерлік сияқты сын сағатта сыналады» дейді дана халқымыз. Еліміз пандемия салдарынан көптеген қиыншылықтарға тап болды. Дегенмен қазақстандықтар бұл қиын сәттерде ауызбіршілік, жанашырлық танытып, бір-біріне қолдан келген көмектерін аямады. Расымен, бірлік пен ынтымақ рухани құндылықтарды сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін аса қажет, сондықтан қазіргі заманда бұл әрбір қазақстандықтың парызы болуы тиіс деп ойлаймын», - дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланған болатын. https://kaz.inform.kz/news/tauelsizdik-barinen-kymbat-kasym-zhomart-tokaev_a3737118


Соңғы жаңалықтар