Шетел азаматтарының лотерея ұйымдастыруына тыйым салу керек - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз. Қазір осындай заңсыз қызмет үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады. Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы лудоманияға, яғни құмар ойындарға тәуелділікке жан-жақты тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.
«Бұл ретте заңнамалық шара қабылдаумен шектеліп қалуға болмайды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатымен тиімді тәсілдер қолдану қажет. Заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту аса маңызды. Осы міндеттерді орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтіп жатыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте алғашқы отырысы болды.- Президент 2023 жылы Атырау кәріз-тазарту қондырғысы құрылысын аяқтауды тапсырды
- Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
- Президент Атырау облысы ауылдарын 2 жылдың ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
- Тоқаев «Астрахан-Маңғыстау» су құбырын жаңғыртуды тапсырды
-
Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды
-
Атырауда Ресеймен шекарадағы көлікпен өту орындарында қатаң санитарлық бақылау орнату керек - Президент
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам