Шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеуге 315,6 млрд теңге бағытталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік төлемдерді индексациялау және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеуге 315,6 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемдерді индексациялау және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеу жүзеге асырылатын болады. Оған 315,6 млрд теңге бағытталады», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, азаматтарды және экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын іске асыруға 293 млрд теңге бағыттау ұсынылады.

«Осы қаражат аясында өмір сапасын жақсарту және кірістер мен сұранысты ұлғайтумен бірге өндірісті ынталандыруға бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыру жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар