+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады

2020 жылғы 30 маусым 11:26
Бөлісіңіз:
Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Енді шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде «Электрондық үкімет» порталында құжаттарды онлайн тапсыра алады. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар 15 мыңға жуық мемлекеттік қызметті үйде отырып алды

«Қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, «Бакалавриат», «Магистратура», «Резидентура» немесе «Докторантура» бағдарламалары бойынша шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру мүмкіндігін ұсыну мақсатында онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар, қызметке тапсырыс бере отырып, сіз білім алғы ңыз келетін ел мен мамандықты порталда көрсете аласыз» , - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті пайдалану үшін порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін «Білім» қосымша бетінде «Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет.

Бұдан әрі білімі, отбасы жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтер, жалпы мәліметтер көрсетілген барлық қажетті жолдарды толтырып және ЭЦҚ немесе смс-пароль көмегімен қол қою (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет) қажет.

Қызмет көрсетудің нәтижесі - білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға құжат қабылдау туралы хабарлама не пайдаланушының «Жеке кабинетіне» түсетін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетілетінін айта кетейік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT