+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

2021 жылғы 27 қаңтар 12:25
Бөлісіңіз:
Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Чехияда балалар арасында коронавирустың оңтүстік-африкалық штамы таралып жатыр Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

26 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.

1 653 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 452 адам, анықтамасыз 201 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 416 жолаушы, анықтамамен - 1 219, анықтамасыз - 197;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 233, анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

25 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 137 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT