+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Шетелден ұшып келген 276 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан карантинге жатқызылды

2020 жылғы 17 қазан 12:00
Бөлісіңіз:
Шетелден ұшып келген 276 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға ұшақпен келген 276 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан карантинге жатқызылды. Бұл туралы ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Садуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ПТР анықтамасыз ұшып келген 57 жолаушы бір аптаға карантинге жатқызылды Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ Карантин: Алматыда бір күн ішінде 17 нысаннан кемшіліктер анықталды

«Осы жылдың 17 қазан күні түнде 16 әуе рейсімен келген 1 527 жолаушының 1 251-і анықтамамен, 276-сы анықтамасыз жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 656 жолаушының 528-інде анықтама болды, 128-інде анықтама болмады. Алматы қаласына 9 рейспен келген 764 жолаушының 622-сінде анықтама болса, 142-сінде анықтама жоқ болып шықты. Ал Ақтауға 1 рейспен 107 жолаушы келді. Жолаушылардың 101-інде анықтама бар, алтауында жоқ», - деді ол.

Оның дерегінше, ұшып келген Қазақстан азаматтарының 82 пайызы ПТР анықтамамен сапарға шыққан.

«COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары ПТР тест тапсыру үшін екі күндік карантинге орналастырылды», - деді Садуақас Байғабылов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT