Шетелден ұшып келген 3 165 жолаушының бәрінде ПТР анықтама бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 14 мамырында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Қытай, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 165 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 588 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 002 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 100 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 77 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 156 жолаушы;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 93 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19 жоқ екенін дәлелдейтін ПТР анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар