+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Шетелдік биржаларда акция сату кезінде салықты қалай төлейді

2021 жылғы 25 ақпан 13:28
Бөлісіңіз:
Шетелдік биржаларда акция сату кезінде салықты қалай төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік биржалардағы акцияларды сату кезінде құн өсіміне салық салу тәртібі бойынша көптеген өтініштерге байланысты Қазақстаннан тыс жерлердегі көздерден алынған кіріске салық салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен топ ұсталды Атырау облысындағы кәсіпорын 700 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

Сонымен, жеке тұлға мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған мүлікті сатудан түскен кіріс те жатады. Салық салу тәртібі Салық кодексінің 332-бабында қолданысқа енгізу туралы Заңның 33-бабының редакциясында белгіленген және сатып алу мен өткізу бағасы арасындағы оң айырма түріндегі құн өсімі ретінде айқындалады, егер растайтын құжаттар болса және табыс салығын салуда жеңілдігі бар елдерден алынбаған елдерде алынған жағдайда. Салық салуда жеңілдігі бар елдерде құжаттар болмаған немесе осындай кіріс алған жағдайда – мүлікті өткізудің бүкіл құны кіріс болып танылады.

Құн өсімін айқындау кезінде бір акцияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірісті басқа акцияларды өткізу кезінде алынған залалдарға азайту көзделмегенін атап өтеміз. Өсім әрбір акция бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте алдымен теңге бағамы бойынша аударылатын кіріс айқындалады. Салық салу бағамдық айырма түріндегі жеке тұлғаның кірісі көзделмеген, сондай-ақ акцияларды сатып алу-сату кезінде айырбастау кезінде сомалық айырма түріндегі кіріс туындаған кезде жеке тұлғада жеке табыс салығын есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер туындамайды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, оның ішінде биржалардағы операциялардан алынған кірістер, сыйақы түріндегі кірістер де салық салуға жатады.

Шетел валютасында алынған кіріс, кіріс алынуға жататын күннен басталатын күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептеледі.

Мұндай кірістерден жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлеме бойынша дербес жүргізіледі және осындай кіріс алынған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей төленуге жатады.

Өз кезегінде, қосарланған салық салуды болдырмау үшін ҚР шегінен тыс төленген жеке табыс салығына ұқсас шетелдік салық сомасын, бірақ тек қана 10% мөлшерлеме шегінде есепке жатқызу көзделген.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген акциялары болған кезде мүліктік және өзге де кірістер алынған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ету қажеттігі туралы еске саламыз. Бұл ретте 240.00-нысанда брокерлік шоттар бойынша деректемелерді немесе басқа да ақпаратты көрсету көзделмеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT