Шиеліде тұрғын үй ауласындағы көлік толығымен өртеніп кетті

None
None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғын үй ауласында тұрған «ГАЗель» автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Шиелі кентінде 12 қыркүйек күні сағат 21.57-де тіркелді. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан орталығындағы Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үйдің жанында автокөлік өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен арнайы 4 маман барды. Сол кезде тұрғын үй ауласында «ГАЗель» автокөлігі өртеніп жатқан. Автокөлікке газ қондырғысы орнатылғаны белгілі болды. Өрт сағат 22.20-да толығымен сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын көлемі есептелуде


Соңғы жаңалықтар