+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шиеліде жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті

2020 жылғы 16 қыркүйек 09:08
Бөлісіңіз:
Шиеліде жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Mercedes-Benz 200» автокөлігі толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті «ҚазАвтоЖол» ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады

Оқиға 15 қыркүйекте сағат 22:00-дер шамасында болды. Сол уақытта Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне «Шұғыла» шағын ауданында көлік өртеніп жатқаны хабарланған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен 5 қызметкер барды. Онда 1993 жылы шыққан «Mercedes-Benz 200» маркалы автокөлігі толығымен өртеніп кеткені анықталды.

Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында тұрғын үй ауласындағы көліктің өртеніп кеткені жазылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT